- Advertisement -

Жамбылдық балуандарға 3 жүлде бұйырды

76

- Advertisement -

Талдықорған қаласында Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін күрестен ерлер және әйелдер ара­сында ашық турнир өтті. Осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылған додаға еліміздің әр қиырынан 250 балуан қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Олардың қатарында апайтөс, атан жілік жамбылдық жігіттер де болды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған додада жас балуандар да, тәжірибесі толысқан шеберлер де әдемі күрес көрсетуге барын салды. Турнир қорытындысында жерлесіміз аса ауыр салмақтағы (125 келі) Бақтияр Сұлтанбеков қарсыластарының бәрін жеңіп топ жарса, 74 келі салмақ дәрежесінде белдескен Қуандық Ергешевке қола жүлде бұйырды. Ол жарыс жеңімпазы ақтөбелік Аманесен Бахытханұлына жартылай финалда жол берді. Сондай-ақ қола жүлде 61 келіде сынға түскен Аян Темірбекке де бұйырды.

Жарқын Нұрланұлы,
журналист.

Талдықорған қаласы.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support