- Advertisement -

«Алматы-Аренаға» асығыңыз, ағайын!

67

- Advertisement -

Қанат Ислам ашық жаттығу өткізді

29 қазан күні «Алматы-Арена» спорт кешенінде үлкен бокс кеші өтетіні мәлім. Бірінші орта салмақта атой салып жүрген кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (лақап аты – Қазақ) осы күні өзіне тиесілі WBA fedelatin белбеуін қорғап қана қоймай, ганалық Патрик Аллотейге қарсы шайқаста WBO intercontinental белбеуін сарапқа салатыны мәлім. Boxrec рейтингінде 139-орында тұрған Аллотейге қарсы өтетін Қанаттың бокс кешіне қызығушылар көп. Қазірдің өзінде «Алматы-Аренадағы» vip орындардың билеттері сатылып кеткен. Ол аз десеңіз, ең арзан билеттердің өзі аз ғана мөлшерде қалыпты.
Бапкері Нельсон Лопес екеуі Алатау баурайында жекпе-жекке дайындалып жатқан Қанат Ислам алматылық жұртшылық алдында ашық жаттығу өткізіп, шеберлігін паш етті.
Қанаттың қарсыласы «Қазақты» оңай жеңемін деп бәлсініп жүргені мәлім. Қазақстандық боксшының алдағы жекпе-жегі туралы меценат Бауыржан Оспанов: «Қанатқа қарсыласты рейтингте көтерілу мақсатымен таңдадық. Оның нокауттар көрсеткіші жоғары. Өзі де біздің боксшыны оңай жеңемін деп сөзден тау тұрғызып жүр. Оңай қарсылас емес. Сондықтан, дайындық жоғары деңгейде өтуде», – десе, Қанат Исламның бапкері Нельсон Лопес: «Менің арманым – Қанаттан әлем чемпионын шығару», – дейді. Нельсон да, Қанат та арманына жетсін дейміз. Сондай-ақ, бұл күні рингте Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Жәнібек Әлімханұлы бастаған өрендер өнер көрсетеді. Ендеше, «Алматы-Аренаға» асығыңыз, ағайын!

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support