- Advertisement -

Парламентте Елбасы Әнұранды толық орындап, депутаттарға үлгі көрсетті

71

- Advertisement -

Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мінберге шыққаннан кейін Қазақстанның Әнұраны қосылды. Мемлекет басшысы оң қолын кедесуіне қойып, Әнұранды толығымен айтып шықты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

 Президент тұрған мінбердің микрофонын алдын ала қосып қойған болуы керек, Н.Назарбаевтың Әнұранды дауыстап тұрып айтып тұрғаны бүкіл залға естілді. Оны көрген депутаттар да еріндерін жыбырлата бастады.

«Депутаттар мен Үкімет мүшелерінің Әнұранның сөзін біліп, әнін айтып тұрғаны жарасады, жөн болады. Үндемей тұрмай…», — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support