- Advertisement -

Қазақстанда жаңа туған сәбидің құжаттары перзентханада үш күн ішінде реттелетін болды

105

- Advertisement -

Енді жаңа туған сәби үшін керекті құжаттарды нәресте өмірге келген кезде-ақ алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері перзентханаларда да жұмыс істей бастаған.

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Перзентханадағы ХҚКО қызметкерлері жаңа туған сәбидің ата-анасынан өтініш қабылдай алады. Ең бастысы босанар алдында перзентханаға ұмытпай қажетті құжаттарды ала бару қажет.

Жаңа бастама негізінде 25 шілдеден бері қарай жаңа туған сәбилерді тіркеу уақыты өзгерген. Егер бұрын ата-аналарға бұл шаруаны ыңғайлау үшін екі ай уақыт берілсе, енді маңызды құжаттарды сәби туғаннан кейін үш күн ішінде реттеуге мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде ҚР “Неке және отбасы” кодексіндегі өзгерістермен тікелей байланысты.

Керекті құжаттар: Босануды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (жаңа ереже бойынша тура перзентханада дайындап береді), ата-анасының жеке куәлігі (немесе сенімхат арқылы арнайы өкілмен), неке куәлігінің көшірмесі (2008 жылдан соң Қазақстан аумағында некелескен ерлі-зайыптылар аталмыш көшірмені көрсетпесе де болады. Егер босанушы тұлға некеде тұрмаған болса аталмыш құжат талап етілмейді), баланы туу туралы медициналық куәлік немесе баланы туғанын айғақтайтын сот қаулысы.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support