- Advertisement -

Астананың «Эйфель» мұнарасы бар

97

- Advertisement -

Астананың іргесіндегі Ильинка елді-мекенінде Францияның символы саналатын «Эйфель» мұнарасы бар. Оны кейбір адамдар білсе, кейбірі біле бермейді. Ол Эйфель мұнарасына ұқсатып 2014 жылы салынған. Мұнараның биіктігі – 19 метр. Оны Жамбыл есімді азамат өз үйінің ауласында тұрғызыпты.

Жамбыл әріптесіміз Рауан Есқалидің досы. Екеуі 5 жылдан бері бір-бірін көрмей, аяқ астынан көшеде бір кездесіп қалғанда досына үйінің ауласында «Эйфель» мұнарасын салып қойғанын айтады. Жылт еткен жаңалықты жібермейтін журналист соны өз көзімен көру үшін Ильинкаға барып, суретке түсіріп қайтады.

Жамбылдың айтуынша, ол Парижге барып келгеннен кейін Эйфель мұнарасына ұқсас мұнараны өз ауласында салғысы келген. Содан әрі ойланып, бері ойланып,  2014 жылдың маусым айында мұрананың құрылысын бастап, екі айда салыпты. Қазір Ильинкадағы Эйфель мұнарасынан айналадағы барлық нәрсе көрінеді.  Оның биіктігі 6 қабатты үймен бірдей. Осы мұнараны салғаннан кейін Жамбылдың үйіне келіп, мұнараны тамашалушылар көбейеді. Солардың бірі – ұялы байланыс компанияларының өкілдері Жамбылдың үйіндегі 19 метр мұнараны естіп,  үйдің иесінен ұялы байланыс құралдарын орнатуды өтінеді. Олар мұнараға байланыс жабдықтары орнатылса ұялы байланыс белгісінің 5 км радиуске тез тарайтынын айтып қоймайды. Сөйтіп, Жамбылға өтініш жасап, ақыры екі жақ келіседі. Әрине, үйдің иесі  мұнараның жоғарғы жағын тегінге бермейді. Қазір ұялы байланыс операторлары Жамбылға арендаға ақша төлейді.

«Францияның символы саналатын «Эйфель» мұнарасы Алматыда да бар. Ол 2009 жылы салынған. Қазір ол туристер ең көп суретке түсетін және тамашалайтын жерге айналған. Сондықтан да Астанада да осындай бір мұнара болса артық етпейді. Ол келесі жылы ЭКСПО көрмесі кезінде де туристер тамашалайтын жер болуы мүмкін», дейді Рауан Есқали.

Дастан КЕНЖАЛИН

29.08.2016 AST-10

29.08.2016 AST-11

29.08.2016 AST-6

29.08.2016 AST-8

29.08.2016 AST-12

Ақпарат көзі: egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support