- Advertisement -

Ислам Кәрімовтің қызы Өзбекстан президенті инсульт алғанын хабарлады

52

- Advertisement -

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қызы Лола Каримова-Тилляева мемлекет  басшысының миына қан құйылғанын хабарлады.

Бұл туралы ол өзінің  Facebook-тағы парақшасына жазды.

«Алып-қашпа әңгімелердің тарап кетуін болдырмау үшін өз парақшамда сіздермен отбасымызда орын алған  ауыр жағдайды бөліспекшімін. Сенбі күні таңертең миына қан кетуіне байланысты әкем аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Қазір қандай да бір болжам айтуға ерте. Халықтан әртүрлі қауесетке жол бермей, отбасымыздың құқығына құрметпен қарауды өтініп сұраймын. Әкемнің амандығын  тілеп дұға еткендерге алдын ала алғыс білдіремін». — деп жазды Лола Каримова-Тилляева.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support