- Advertisement -

Жаңа медиа жарқын болашаққа бастайды

121

- Advertisement -

Қазіргі таңда әлемдік БАҚ жаппай интернет­тенуге көшті. Еркін ойдың аймағы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-тың нағыз бәсекелесіне айналды. Елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны да едәуір арта түскен. Дәстүрлі ақпарат құралдарындағы тұтынушылардың көпшілігі жаңа медианың жаңалығына мойын бұрды. Ал жаңа медиа ақпарат таратудағы жылдамдығымен ерекшеленіп тұр. Дәстүрлі журналистикамен қатар, интернет журналистика да қоғамда өзіндік орнын айқындай бастады.
Интернет – бүгінгі таңда журналист үшін бірнеше жыл күткен нәтижеге қол жеткізуге, хабарламаларын кең ауқымда таратуға, деректі тез арада табуға және пайдалануға, түрлі сілтемелер мен анықтамалық ақпараттарды білуге көмектесетін ең ірі кітапхана. Жаңа медиатехнологияның мүмкіндіктері – журналист үшін, біріншіден, кеңестік жүйеден қалған журналистиканы халық­аралық қауымдастықпен байланыс­тыратын көпір, қоғамның демократия­лануына ықпал ететін еркіндіктің жаңа пішіні. Ақпарат шекараны білмейді. Екіншіден, БАҚ-пен технологиялық компоненті. Үшіншіден, қарым-қатынас ауқымын кеңейтетін байланыс құралы. Төртіншіден, БАҚ терезесі тең фактор. Бесіншіден, журналист еңбегінің жаңа ойлауы, жұмысты ұйымдастырудың жаңа түрі. Алтыншыдан, редакцияның алыс ауылда, ауданда, облыста, астанада орналасқанына қарамай, әлемдік ақпараттық ресурстармен байланысуға шек қойылмайды. Жетіншіден, өзгеше медиатехнопарк десе де болады. Егер өз газетіңді шығарғың келді ме, шығара ғой. Бұл масс-медиа жаңа байланысты көрсетеді. Мұнда бір идеяға тоғысатын белгілі адамдардың қауымдастығы жиналып, мәдени, ғылыми, ақпараттық орталық бола алады.
Интернеттің осындай мүмкіндіктеріне қарай бүгінгі таңда оның маңызы да жан-жақты артып келеді. Мәселен, кез-келген редакциялық саясат философиясында оның электронды нұсқасына көп көңіл бөлінеді. БАҚ редакциясына интернет сенімді түрде кірігіп алды. Көптеген журналистер желілік ақпаратқа ақпарат құралы ретінде қарайды. Бұл орайда республикалық, облыстық тіпті аудандық мерзімді басылымдардың саны және олардың электронды нұсқасы күн сайын өсіп келеді.
Ақпарат тарату мен жариялау және шектеудің құралы ретінде интернет пайдаланушының жауапкер­шілігін жеңілдетеді. Кез-келген сайтта жарияланған материал әлемнің кез-келген нүктесіне жетімді. Сондықтан авторды мазалайтын бір ғана нәрсе аудиторияны қызықтыру немесе қаламаған ақпараттан алшақтату болып отыр. Аудиторияны қызықтыру бірнеше тәсілдерге жарнама, көшіріп басу немесе жариялау, адамдарды достыққа шақыру, таныстарды немесе таныс адамдармен байланыс орнату және тағы басқалар жатады. Желі арқылы таратылған ақпарат жаңалықтар жинауға жеңілдік жасайды.
Қорыта келгенде, біз журналистердің әлеуметтік желілерде тек өзіндік игіліктері үшін ғана емес, сонымен қатар, журналистік тәжірибеде белсенді қолданушы үшін де қажетті екенін сұраныстың нәтижелері арқылы талдадық. Осы тұрғыдан алғанда сарапшылардың журналистерге көп көмектесетінін анықтадық. Сонымен қоса, журналистердің өздері материалдарының кейіпкерлерін немесе ақпарат берушіні әлеуметтік желілерден іздейтінін білдік. Сонымен қатар, біз әлеуметтік желілердің БАҚ өкілдеріне материалдарын тарату, қажетті аудиторияны қызықтыру және аудиториямен диалог құру, ең бастысы БАҚ-ты дамыту үшін өзіндік үлес қосатынына көз жеткіздік.

Марат Нарымбеков,
аудан әкімдігі ішкі саясат
бөлімінің басшысы.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support