- Advertisement -

ҚР ауыр атлетика федерациясы допинг дауына іліккен спортшыларға қолдау көрсетеді

62

- Advertisement -

ҚР ауыр атлетика федерациясы допинг дауына іліккен зілтеміршілерге құқықтық қолдау көрсетеді. Әрбір заңдық кезеңдерден кейін ҚР ААФ баспасөз арқылы қоғамға тың ақпараттар ұсынып отырады, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Бейжің Олимпиадасында допинг-сынамасы оң нәтиже берген зілтеміршілердің тізімін жария етті. Олардың қатарында төрт қазақстандық спортшы: Владимир Седов, Майя Манеза, Мария Грабовецкая мен Ирина Некрасова бар.

Халықаралық олимпиада комитетінің және Дүниежүзілік антидопингтік агенттіктің ережелеріне сәйкес, Лозаннада ҚР ҰОК өкілдерінің қатысуымен «Б» допинг-сынамасын қайта тексеру шарасы өтті, онда да спортшылардың қанынан тыйым салынған заттар анықталды. Олардың қатарында Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза да болған еді.

 Ақпарат көзі: ҚазАҚпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support