- Advertisement -

Орыс тілі пәніне сұраныс көп

112

- Advertisement -

№49 орта мектепте Тараз қалалық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырды. Онда 39 жұмыс беруші 155 бос жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде 148-і педагог мамандарға арналса, техникалық қызметкерлерді қажет ететін 7 бос жұмыс орны бар.

Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Айнұр Жұмабекова ұйымдастырылған еңбек жәрмеңкесі тек білім саласына қатысты мамандарға арналғанын айтады. Оның айтуынша, негізінен, орыс тілі пәні мен бастауыш сынып мұғаліміне сұраныс көп екен. Математика пәні мамандығына сұраныс 15 пайызды құраған.
– Біздің мекеме жәрмеңкеге 7 бос жұмыс орнын ұсынды. Олар негізінен, орыс сыныптарына қатысты: орыс тілі, информатика, тарих, дене шынықтыру пәні мамандықтары. Сонымен қатар, аула сыпырушы мен электрик қажет. Бір бос жұмыс орнынан орта есеппен 4-5 жұмыс іздеуші үміттеніп отыр. Олармен арнайы сұхбаттасып, іріктеуден өткенін ғана жұмысқа қабылдаймыз. Дегенмен, біліктілігі байқалып тұрса, жұмысқа жас мамандарды тарту жағына басымдық беріп отырмыз, – дейді №35 орта мектеп директоры Совет Кенесариев.
Жәрмеңкеге 364 адам қатысып олардың көпшілігі бірқатар мекемелерге сұхбаттасуға жіберілді. Жұмыс іздеушілердің 193-і – жастар болса, әйелдер – 273.
Тұрақты жұмыс іздеп жүрген жас маман Әсел Рүстемова №17 орта мектепке жолдама алғанын айтады.
– Тараз политехникалық колледжін былтыр бағдарламашы мамандығы бойынша бітірдім. Құрбыларымнан естіп, осы жәрмеңкеге қатысып отырмын. Алайда, мен сұхбаттасуға жолдама алған мектептегі бос орынға 10-нан астам адам барады екен. Ал мен жас маманмын, – дейді ол.

Нұрым Сырғабаев,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support