- Advertisement -

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды

122

- Advertisement -

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы балуандар жеңілген соң, жүрегі ауырғанын айтты.

Осымен екінші Олимпиадасына қатысқан Алмат Кебіспаев үшін жазғы ойындар аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Кебіспаев алғашқы айналымда ресейлік балуан Ибрагим Лабазановты жеңген болатын.

Алайда, екінші айналымда жапондық Шинобу Отадан 0:6 есебімен ұтылды. Ота бірінші кезеңде алты дүркін әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы Хамид Суриянды жеңіп кеткен.

 

Енді Алмат жапондық қарсыласы финалға жетсе ғана жұбаныш белдесуіне шығады.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Досжан Кәртіков те екінші айналымда әзірбайжан спортшысынан 1:5 есебімен ұтылып қалды.

 

Отандық телеарнада балуандардың белдесуін тамашалаған қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өз өкпесін айтты.

 

«Алмат жеңілген соң, Досжан жеңеді деп үміт күтіп едім. Болмады… Жүрек ауыртатын жеңіліс болды. Бәрі де балуандардың өз қолында. Енді аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиевке сенім артамыз», — деді Үшкемпіров.

Еске сала кетейік, қазақ балуандарының Олимпиадада алтын алмағанын 36 жыл өтті. 1996 жылы чемпион атанған Юрий Мельниченко Қазақстанға Қырғызстаннан келген болатын.

 Ақпарат көзі: Alashainasy.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support