- Advertisement -

Рио-2016: Бүгін қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин финалда медаль үшін сайысқа түседі

74

- Advertisement -

8 тамызда, дүйсенбі күні, қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында спорттың алты түрінен спортшыларға жанкүйер болады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

00.30-да әйелдердің жұптық сайысына теннис кортына Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева шығады, олар Бельгиядан Кирстен Флипкенс пен Янина Викмайермен ракетка түйістіреді.

04.00-де «Риоцентро» көрме кешенінде ауыр атлетикадан 56 келіге дейінгі салмақ санатында А тобының ауыр атлетика бойынша жарыстары өтеді. Оған Алексей Нидің шәкірті, Қазақстан чемпионы (2013), Азия чемпионатына, Қазан универсиадасына, әлем чемпионатына қатысушы Арли Чонтей қатысады.

07.53-те қазақстандықтар финалға шыққан 21 жастағы қазақстандық жүзгіш, 2014 жылғы Азия ойындарының үш мәрте чемпионы Дмитрий Баландиннің өнерін тамашалайды. Олимпиада стадионында медальдар үшін су спорты түрлерінен 10 спортшы сынға түседі.

Олимпиаданың үшінші күні сағат 18.00-де 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан ату бойынша ерлер арасындағы жарыстардың іріктеу раунды басталады. Олимпиялық атыс орталығында Қазақстан намысын 33 жастағы мерген Юрий Юрков қорғайды. Өткен жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубының өкілі Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан болатын. 10 метрлік қашықтықтан ол 624,4 ұпай жинап, Әзербайжанда 2015 жылғы әлем кубогында орнатқан  өзінің бұрынғы 622,9 ұпай рекордын жаңартты.

Сағат 19.00-да 73 келі салмақтағы қазақстандық Дидар Хамза шығады. Дидар ақпан айында «European Open» (Австрия) алтын медалін иеленді. Татамиге ол Гамбия спортшысы Айе Нжиеге қарсы шығады.

19:18-де садақ атудан ерлер арасындағы жекелей біріншілік өтеді. Финалдың 1/32 кезеңінде 20 жастағы талдықорғандық жігітіміз, Қазақстанның үш мәрте чемпионы Сұлтан Дүзелбаев қытайлық Гу Сюэсунмен айқасып, финалдың 1/16 кезеңіне өтуге ұмтылады.

Сағат 22.10-де — Риодағы слалом стадионында есу слаломында ескекші Еатерина Смирнова өнер көрсетеді. Екатерина жапондық Тоямада өткен есу слаломы бойынша Азия чемпионатының қорытындысымен Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алған  болатын. Алғаш рет ол төртжылдықтың басты оқиғасында,  2008 жылғы Бейжіңде 11-ші орынға ие болды.

Түн ортасынан кейінгі және 9 тамыздағы жарыстар аңдатпасын ҚазАқпарат агенттігі 00.30-да жариялайды.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support