- Advertisement -

Рио-2016: Елдос Сметов жартылай финалда Орхан Сафаровпен кездеседі

72

- Advertisement -

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жартылай финалында татамиде әзербайжандық Орхан Ильхам оғлы Сафаровпен кездеседі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сайыс 7 тамызда түнгі сағат 01.19-да (Астана уақытымен) өтеді.

Еске сала кетейік, 60 келі салмақ санатындағы Сметов жартылай финалда өзінің қарсыласы — өзбек спортшысы Диербек Урозбоевтен басым түсті. Бұл жеңіс қосымша уақыт кезінде есепке алынды. Бұдан бұрын Елдос ливиялық Мұхамед Элькависті және британдық Эшли Маккензиді жеңіп жартылай финалға өткен болатын.

Елдос Сметов — қазақстандық дзюдошы, халықаралық дәрежедегі Қазақстанның спорт шебері, 2015 жылғы әлем чемпионы, 2010 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ол 1992 жылы 9 қыркүйекте Таразда дүниеге келген.

 

Ақпарат көзі :ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support