- Advertisement -

Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты

86

- Advertisement -

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтық сында Сметов ресейлік Беслан Мудрановпен белдесті. Негізгі төрт минут уақытта екі палуан да сақ болды. Ескерту де, ұпай да берілмеген еді. Алайда, қосымша уақыт басталғанда ресейлік спортшы басымдығын байқатты.

Айта кетейік, Қазақстан тарихында Олимпиадада ешкім алтын медаль алмаған.

Ақтық сынға шығу үшін отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровпен белдескен еді. Сметов үш ескертуі болса да, 10 ұпаймен жеңіске жетті. Ал оның алдында ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді «юко» әдісімен жеңген еді. Ал бірінші айналымда дзюдошы Ливия өкілі Мұхамед Элькависадан басым түскен болатын.

Толығырақ:tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support