- Advertisement -

Айдар Махметов: Бүгін Елдос Сметов Риода күміс алуы мүмкін

83

- Advertisement -

 «Astana Cycling Team-ның» бұрынғы коммерциялық директоры, каратэден және ММА-дан үш дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың бірінші жарыс күніне қатысты болжам жасады.

Оның айтуынша, бүгін жеңіл салмақтағы біздің дзюдошыларымыздың мүмкіндігі мол.

«Ерлер арасында 60 келі салмақта елдің намысын әлем және Азия чемпионы Елдос Сметов қорғайды. Меніңше, жеребе тартуда оның асығы алшысынан түсті. Ол ширек финалға дейін еш қиындықсыз жетеді, осыдан кейін өзінің негізгі қарсыласы, яғни өзбек спортшысы Урозбоевпен шағыда. Оның топ бөлігінің жоғары бөлімінде бразиялиялық Китадаи мен әзербайжандық Сафаров топ жаруы мүмкін. Жапондық Такато, корейлік Ким және гүржі Папинашвили басқа топ бөлігінде. Сметовке Олимпиаданың «күмісі» бұйырады деп болжап отырмын»,-деп жазды А. Махметов өзінің Facebook-гі парақшасында.

Оның бағалауы бойынша әйелдер арасында 48 келі салмақта жеребе тартуда біздің Галбадрах Отгонцецегтің біршама жолы болды.
«Оған 1/4 жарысына шығуы үшін әлсіз қарсыласынан тек 1 жекпе-жекті жеңуі керек. Содан кейін ол жапондық Кондомен тартысқа түсуі мүмкін. Жеңілген күннің өзінде Отгонцецегте «қоланы» алуға барша мүмкіндіктер бар»,-деп қосты ол.

Бұдан бөлек, А. Махметов еліміздің велоспортшылары мен боксшыларына да тоқталып өткен.

«Бахтияр Қожатаев пен Андрей Зейц қатысып отырған топтық шосселік веложарыста алғашқы «ондыққа» кіру тұрғысында ерекше перспективаларды көріп тұрғаным жоқ. Сонымен қатар, 48 келі салмақта зілтемірші Маргарита Елисеевада медаль алу мүмкіндігін байқап отырғаным жоқ. Менің ойымша, 60 келі салмақта америкалық қарсыласын бірінші додасында біздің Берік Абдрахманов жеңетін болады»,-деп түйді ол.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support