- Advertisement -

Жамбыл облысында 6932 нысан заңдастырылды

97

- Advertisement -

Жамбыл облысында құны 35,4 млрд теңге болатын 6932 нысан жария етілді. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 2015 жылдың 1 қарашасына дейін 3620 нысан жария етілген болса, қараша айынан бүгінге дейін 3310 нысан жария етіліп, орташа айлық көрсеткіш 413 бірлікті құрады.

Қазіргі таңда мүлікті заңдастыруға жалпы құны 38,7 млрд теңгені құрайтын 7385 өтініш берілген. Оның ішінде құны 35,4 млрд теңге болатын 6932 нысан жария етілді.  Қалғандарын комиссиялар қарап жатыр.

Республикалық бюджетке түсімдер бойынша болжам 119,0 пайызға, жергілікті бюджетке – 125,4 пайызға орындалды. 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша облыс бюджеті 105,2 млрд теңгеге толығып, жоспар 103,8 пайызға орындалды.

 

Ақпарат көзі: BNews.kz 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support