- Advertisement -

Ірі америкалық компания Shymkent-City құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі

101

- Advertisement -

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және АЕСОМ компаниясының аймақтағы директоры Марина Констанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды shymkent.gov.kz.

 Тараптар қалада жүзеге асырылып жатқан Shymkent-City ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті.

АЕСОМ – сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар, қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156-орынға ие.

АЕСОМ жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестің әуежайларын, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады.

Ақпарат көзі: BNews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support