- Advertisement -

Иесін қорғаған ит төрт улы жыланды өлтірді

104

- Advertisement -

«Ит – жеті қазынаның бірі» деп бекер айтылмаған, сірә. Үндістанда ашық қалған есіктен үйге кірмек болған төрт жыланмен төрт сағат бойы арпалысқан ит иесін ғана емес, оның отбасын түгелдей сақтап қалды. Алайда, иесін қорғаған ит шағып алған жылан уынан өліп кеткен.
Бұл оқиға дүйсенбі күні болған екен. Ит төрт жыланмен арпалысып, әбден қанжоса болған. Бірақ, ол барлық жыланды өлтірмейінше қайтпаған. Ит иесі болған оқиғаға әлі де сенер емес.
– Мен әлі де өз көзіме сене алар емеспін. Ол өз өмірін қиып, менің отбасымды қорғап қалды. Мен оны өмірімнің соңына дейін ұмытпаймын, – дейді иесі.
Бұл жағдайды естіген тұрғындар жиналып, итті жерлеу рәсімін өткізген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support