- Advertisement -

Лионель Месси имиджін өзгертті

84

- Advertisement -

Әлем футболының жұлдызы аргентиналық Лионель Месси соңғы жылдардың ішінде алғаш рет шашын сары түске бояп, сәнін өзгертті. Бес рет «Алтын допты» иеленген футболшының жаңа бейнесіндегі суретті оның 29 жастағы әйелі Антонелла Рокуццо өзінің Instagramпарақшасына жүктеді.

Айта кетейік, «Барселонаның» шабуылшысы өзінің мансап жолында шашының түсін бірде-бір рет өзгерткен емес. Биылғы маусым айында Аргентина құрамасымен Америка Кубогі үшін болған ойында ол сақалын өсіріп, көрермендерді таңғалдырған еді. Енді ол жаңа маусымның алдында көрермендерді тағы да таңғалдырмақшы.


Месси «сары шашты» футболшылардың клубына кірді. Суретте Аарон Рэмзи, Самир Насри мен Фил Джонс.


Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support