- Advertisement -

Қарапайым халыққа байқамай “сен” деген шенділер сотталуы мүмкін

158

- Advertisement -

Мемлекеттік қызмет министрлігі шенеуніктердің киім-киісі мен жүріс тұрысына шындап кіріскен сияқты. Себебі қымбат костюм мен қолына Швейцария сағатын таға алмайтын шенділер енді қарапайым халыққа “сіз” деп сөйлеудің орнына  байқамай “сен” десе де, сотталып кетуі мүмкін.

0

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал мас күйінде көлік айдаудан мемлекеттік қызметкерлер көш бастап тұрған көрінеді. Сондай-ақ пара алуға ең бейім әкімдіктегілер болып шықты. Кейін ішкі істер органдары, ауылшаруашылығы мен денсаулық сақтау саласындағылар бармақ басты, көз қыстыға жиі салады екен.

“Мас күйіне көлік жүргізетін шенеуніктерді жиі жазаға тартып жатырмыз. Тұрғындарға дөрекілік көрсетіп, өзін жоғары қойған шенділер мен жұмыс уақытында орнында отырмайтын 114 қызметкерге де ескертпе жарияладық”, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шаимова.

 

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support