- Advertisement -

Еурокубок-2016: «Астана» Литваның «Жальгирис» командасын жеңді

109

- Advertisement -

Чемпиондар лигасының ІІ іріктеу кезеңінде «Астана» Литваның «Жальгирис» командасын соңғы минуттарда ғана ұтып, жарысты жалғастыратын болды.

Сырт алаңда 0:0 есебімен тең ойнаған соң, елордалықтардың «Жальгиристі» еркін ұтатынына сеніміміз зор еді. 31 минутта Марин Аничич Твумасидің бұрыштан көтерген добын қақпаға баспен дəл соғып, сенімді нықтай түсті. Бірақ қонақтардың біратары ІІ таймға сақталыпты. 57 минутта Эливелтоның тепкен добы Аничичті жанай өтіп, қақпа төрінен бір-ақ шыққанда, Қазақстан чемпионы шын састы. Алаңға шабуылға дем береді деп Мұжықов пен Деспотович кезек шықса да, қимылы үйлескен жоқ. Соңғы секундтар сырғып жатқанда Аничич тағы белсеніп шабуылға араласты да, қуанышымызға орай ойынның нүктесін қойды.+

Өткен жылы да елордалықтар ХИК қақпасына жеңіс голын соңғы минуттарда ғана енгізіп, келесі кезең мəселесін шешіп еді. Биыл да қадамын солай бастады.
«Астана» келесі кезеңде «Гибралтар» — «Селтик» матчының жеңімпазымен кездеседі.

 

Ақпарат көзі: alashainasy.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support