- Advertisement -

Air Astana Түркияға ұшудан бас тартқан жолаушыларға билеттердің құнын қайтарады

82

- Advertisement -

Air Astana әуе компаниясы Түркиядағы оқиғаларға байланысты оған ұшудан бас тартқан азаматтарға билеттердің толық құнын қайтаратынын мәлім етті.

«Air Astana Түркиядағы белгісіз (тұрақсыз) саяси жағдайларға байланысты  Азаматтық авиация комитетінің 16 шілдеде рейстер жасау туралы шешім қабылдағанға дейін Астана-Анталья-Астана және Алматы-Анталья-Алматы рейстері кешіктірілгенін хабарлайды.

Түркияға бару және одан келу үшін «Эйр Астана» билеттерін алған жолаушыларға, сапарға шығудан бас тартқан жағдайда  авиакомпания айыппұлсыз билеттің толық құнын қайтарады.  Бұл 2016 жылы 15 тамызға дейінгі Ыстамбұл мен Анталияға ұшатын рейстерге қатысты», — делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін «Эйр Астананың» ақпарат және брондау орталығына Алматыда: +7 (727) 2 44 44 77 және Астанада: + 7 (717) 258 44 77 номерлеріне хабарласуға болады немесе әуе компаниясының билеттерін сату кеңселері мен туристік агенттіктерге баруға болады.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support