- Advertisement -

Түркия билігі бүлікшілердің екінші тікұшағын атып түсірді

81

- Advertisement -

Түркия билігі Turksat спутник желісі операторы ғимаратына оқ атқан бүлікшілердің тікұшағын құлатып түсірді. F-16 жойғышы президент сарайы маңындағы бүлікшілердің танкілеріне бірнеше соққы жасады, қаза тапқандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр, — деп хабарлайды«Россия 24» телеарнасы.

Ертеректе әлеуметтік желіде әуесқой түсірілім пайда болған, онда көтерілісшілер тікұшағы бірнеше сағат бойы әуеде қалықтап жүріп, Түркия парламентіне шабуыл жасаған. 12 адам мәжіліске тасталған бомбадан зардап шегіп, ауыр халде жатыр.

NTV арнасының тілшілері осы шабуылдардың соңын түсіріп алған. Кадрларда — көптеген қирандыларды, барлық жерде сынған шишаларды және шатырдың бұзылғанын көруге болады. Ал парламент ғимаратындағы депутаттар бомбадан қорғанатын панада болған және зардап шекпеді.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support