Жамбылдық 2 спортшы «Азия балалары — 2016» жарысында қола медаль иеленді
Ағымдағы жылдың 5-17 шілде аралығында Якутск (Саха Республикасы) қаласында жасөспірімдер арасында VI Халықаралық «Азия балалары — 2016» спорттық ойындары өтуде.
Жарысқа Азияның 38 елінен спорт түрлері бойынша барлығы 2821 спортшы қатысуда. Дзюдо күресінен Жамбыл облысынан барлығы 3 спортшы қатысып, нәтижесінде 81 кг салмақ дәрежесінде Ералиев Ізбасар (жаттықтырушысы Қ.Қанаев) және 52 кг салмақ дәрежесінде Нұрмахамметова Рауза (жаттықтырушысы А.Бошқай) қола медаль иеленді.

Ақпарат көзі: Zhambyl.News
Comments are closed.