- Advertisement -

Роналдудың желкесіндегі қос сызықтың құпиясы

126

- Advertisement -

Үш дүркін «Алтын доп» иегері және соңғы 20 жылдағы ең үзідк футболшы деп танылған Криштиану Роналду жанкүйерлерін біраз алаңдатқаны шындық. Таяуда өткен Еуропа чемпионатында Исландиямен кездесуде қаншама рет ескерту алып, кей кездері тіпті өзін тәкаппар, қатал ұстанған спорт жұлдызы сынға да бірнеше мәрте ілінген-ді, деп хабарлайды Baq.kz.

Алайда мұның бәрі спортшының шын келбетін бейнелей алмайды. Оның агрессиясының астарында қандай нәзіктік жатқанын бірі білсе, бірі біле бермес.

Жақында атақты футболшының фанаттары оның желкесінде екі сызық пайда болғанын байқайды. Бұл не болғаны? Шаштың қандайда бір сән үлгісі ме, әлде бұл сызықтардың өз сиқыры бар ма?

Екінші сұрақ мазалағандар қателеспепті. Себебі таяуда Криштиану қатерлі ісік ауруына шалдыққан баланың операциясын қаржыландырған еді. Отадан кейін баланың желкесінде екі сүйкімсіз тыртық қалып қойған. Роналду осы баланың көңілін аулау үшін өз желкесіне де сондай сызық жасатып алады.

Әрине, Роналдудың қылығы бәріне бірдей ұнай бермес, дегенмен, мұндай мейірбандығы әркімге болсын үлгі екені анық.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support