- Advertisement -

Ақтөбеде лаңкестіктен жарақат алғандарға 9 млн теңге бөлінді

72

- Advertisement -

Ақтөбеде лаңскеттік оқиға кезінде жарақат алған азаматтарға ақшалай көмек берілді. Ол үшін жергілікті қазынадан 9 миллион теңгедей қаржы бөлінген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазірде қаржылай көмек 18 адамға үлестірген. 11 адам 400 мың теңгеден алса, бес адамға 500 мың теңге табыстаған. Тағы екі азаматтың отбасына 1 миллион 700 мың теңге беріліпті.

«Лаңкестік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың ешбірін назардан тыс қалдырмадық. Ең бірінші ретте қаза тапқан ақтөбеліктердің отбасыларына қолдан көлген көмегімізді аяған жоқпыз. Жерлеу рәсімдерін өз мойнымызға алдық. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен, қаза тапқан жергілікті тұрғындардың отбасының әрбіріне бес миллион теңгеден бөлдік», — дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Қабыл.

Айта кетелік, осыдан бір жарым ай бұрын Ақтөбеде содырлар әкімдік пен түрмені басып алуды ойластырған. Ол үшін ең алдымен қару сататын дүкен мен әскери бөлімге шабуыл жасады. Ондағы ойлары қарумен сайланып алу екен. Сол лаңскеттік оқиға кезінде 18 содырдың көзі жойылып, тоғызы ұсталды. Сондай-ақ, шабуыл жайлы хабардар болған өзге сыбайластары да қазір тергеліп жатыр.

 Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support