- Advertisement -

Есірткі тастау мен пара алғаны үшін жамбылдық полицей 6 жылға сотталды

72

- Advertisement -

Есірткі тастау мен пара алғаны үшін жамбылдық полицей  6 жылға бостандығынан айырылды, деп хабарлады Тараз қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен.

«Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылы 17 наурызда  Жамбыл облысы Шу АІІБ-нің жедел уәкілі мемлекеттік қызметті атқаратын тұлға бола тұра қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, А. азаматына заңсыз тергеумен анықталмаған заттарды лақтыру жолмен, кейіннен сол заттарды есірткі заттары түрінде көрсетіп ұстаған. Кейін заңсыз есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін 200 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат алған»,- делінген хабарламада.

Тараз қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support