- Advertisement -

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

104

- Advertisement -

Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында облыс әкімдігі тілдерді дамыту бөлімі жариялаған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті. 

Байқаудың талабына сай болған 17 материал қазылар алқасының сараптауына ұсынылып, 9 материал іріктеп алынған екен. Жиынды ашқан облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева ана тілге жанашырлық танытқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады.
Қазақстанның Құрметті журналисі, қазылар алқасының төрағасы Мақұлбек Рысдәулет, облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры Мейрамбек Төлепберген, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақов, ақын Хамит Есаман байқауда іріктелген мақалалар мен теле және радиобағдарламалардың мән-мазмұнына, көтерген жүгінің салмағына тоқталды. Кейбір мақалалардың ойсыз, талғамсыз жазыла салғаны көзге көрініп тұрғанын ескертті.
Қазылар алқасының шешімімен «Үздік мақала» аталымы бойынша Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті бас редакторының орынбасары Ерман Әбдиев «Асфальтта өскен қазақтың өкініші» мақаласымен жеңімпаз атанды. Екінші орын облыстық «Знамя труда» газетінің бөлім меңгерушісі Көкен Оршабековке «Не толька средства общения» мақаласы үшін берілсе, облыстық «Ақ жол» газетінің корректоры Альмира Омарова «Адам түгілі аю да қазақша үйренетін кез келді» мақаласымен жүлделі үшінші орынды иеленді. Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі Дүйсенбек Орманов пен «Қордай шамшырағы» газетінің тілшісі Жандос Омаров ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
«Үздік сайт мақаласы» аталымы бойынша «Тілім – тірегім» мақаласымен Айсұлу Әбдірашімқызы жеңімпаз атанса, «Ұлт пен тіл егіз ұғым» мақаласымен Еркебұлан Жамбылов ынталандыру сыйлығын иеленді.
«Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша Данияр Асқарұлы «Тіл сақшысы» бағдарламасымен жеңімпаз атанса, Әйгерім Жасұзаққа ынталандыру сыйлығы берілді. «Үздік радиобағдарлама» аталымы бойынша Шерхан Мұратбекұлының «Тілім менің» хабары ынталандыру сыйлығына лайық деп танылды.

 

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support