- Advertisement -

Жан жараңды жазайыншы

127

- Advertisement -

Нұрсұлтан
Рахымбаев.

Маңдайдағы әжіміңді көз көрген,
Шаршатпайын жылуы жоқ сөздермен.
Жүзің солғын, жаның жүдеу, анашым,
Өмірің бе, көңілің бе, өзгерген?!

Тілеуіңе, бар дұғаңа бөленген,
Балаң едім, тамыр жайып, көгерген.
Құдіреті жетіп жатса жүрекке,
Жан жараңды жазайыншы өлеңмен.

Жығылармын нардан да һәм мұнардан,
Сары уайым сергелдеңмен қуарған.
Мейлі, мейлі шипа табам еміңе,
Көз байлаған «Өмір» атты тұманнан!
Келмесе де жол табатын қолдан іс,
Жұбатады құны төмен алданыш.
Жегідей жеп, өзекті өртеп барады,
Шексіз мына тебіреніс,толғаныс.

Болар ұлды беттен алып қақпаңдар,
Шілде келер тұра бермес ақпан да.
Сырқатына шипа болса өлеңі,
Өз құлынын анасына мақтаңдар!!!

 Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support