- Advertisement -

Бағила

155

- Advertisement -

Әні мен сөзі Тәліпбек Шақбаевтікі.

Ерейментау, Алатаумен егіз бе едің,
Асқақтап көкке бойлап жұбын жазбай.
Арқадан самал ессе сені іздеймін,
Айырылған сыңарынан аққу-қаздай.

Қайырмасы:
Жұпар исің аңқиды-ау,
Ерейменнің гүлдері-ай.
Сағындым ғой сан қилы,
Бірге жүрген күндері-ай.
Бағила жаным, Бағила әнім,
Бағила жарым, Бағила әнім.

Қанжығалы қарт Бөгенбей туын тіккен,
Күн шалған биігінде желбірейді.
Мен едім Арқаның бір гүлін күткен,
Жүрегім сағынышпен елжірейді.

Қайырмасы:
Алып ұшқан Алатаудың құсы болып,
Көңілім, Ерейментау, өзің жақта.
Қанатым болса менің ұшып-қонып,
Жетер ем небір асу, төзіп отқа.

Т. Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support