- Advertisement -

Менің далам!

115

- Advertisement -

Дәулетхан 
Бәзіл.

Қандай көркем қарашы әні,
Менің байтақ далама.
Өрлік құйып кең кеудеме,
Нұрын сепкен санама.

Мөлдіреген көлдері бар,
Адалдықты тербеген.
Қыратым мен жолдарым бар,
Рух туын бермеген.

Жусаным бар исі жұпар,
Бүршігінен жыр атқан.
Бойжеткен бір бұрымдым бар,
Қызғалдағын ұнатқан.

Асу-асу белдерім бар,
Кер киіктер секірген.
Шалғынымда жылқылар бар,
Жал-жаясы жетілген.

Қандай шіркін, қарашы әні,
Аққуымның жүзгені.
Қандай ғажап, қарашы әні,
Тырналардың тізбегі.

Менің далам – маусым айы,
Сұлулықтың мекені.
Бәйшешегі қыр үстінде,
Бұлтың-бұлтың етеді.

Төгіп-төгіп ақ нөсері,
Кемпірқосақ таралған.
Мен де сондай аспан түстес,
Сұлулақтан жаралғам.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support