Ауылдың арқасы...

Ауылдың арқасы...
ашық дереккөз
Ауылдың арқасы...
Дәулетхан Бәзіл. Түндікке қастерлеп тағатын үкіні, Ауылым көрікті будақтап түтіні. Парасат-пайыммен мейірім мекені, Соттың жоқ жазалап оқитын үкімі. Мастанған бай да жоқ, қанағат даласы, Қарттары намазда, еңбекте баласы. Алланы аузынан тастамас ауылға, Жап-жақын күмбезді қорымдар арасы. Әжелер ши тоқып, киіз үй тіктірген, Құдасын, жекжатын ән салып күттірген. Еккені жемісті әр үйдің ауласы, Ырыс пен ынтымақ, қазына-құт кірген. Аталар құдірет, батасы дуалы, Киелі сөздері сайтанды қуады. Көшесін ақ қанат періште билеген, Сондықтан барлығы ауылдан шығады. Шаңырақ, уығын тектілік кернеген, Жастары желігіп жел сөзге ермеген. Талап пен терең ой данамның сөздері, Ордалы ауылым ойсыз боп көрмеген. Ойыны, сауығы сән болып тараса, Көкпары, бәйгесі барлығы тамаша. Ауылда ағайын-туыстың туынан, Ентіккен Эйфельдік мұнараң аласа. Жыр жазып жусаны, сөйлейді құмдарым, Ән салып қызғалдақ, билейді қырларым. Күбі ыстап, сабада ақ қымыз сапырған, Ауылдың арқасы, қазақ боп тұрғаным!

Ұқсас жаңалықтар