Айталық, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» және тағы басқа романдар бар. Осы шығармаларға ортақ ой әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы және қазақ ауылының тұрмысы жайында еді. Жалпы шығармаға арқау болған мәселе де осы. Ескі әдет-ғұрыптың тұтқыны болған қазақ қыздарының тағдыры. Өз сүйгеніне қосыла алмай, бақытсыз өмір сүрген бойжеткеннің трагедиялық жолы.
Жайлауға енді көшіп, Саумалкөл маңына жағалай киіз үй тігіп жатқан ауыл. Қыстай бірін-бірі көрмей сағынысып, үй аралап қымыз ішіп, қонаққа барысып жүрген жұрт. Жайбарақат өмірмен суреттеліп басталған роман, патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар таралуымен жалғасын табады. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үйтігіледі. Шығармада ауыл адамдарының өзара әңгімелерін, ауылды бастаған белсенділердің мінез-құлықтарын Міржақып Дулатұлы осы шағын көрініс арқылы суреттеп дәлме- дәл келтіреді. Осы сәтте ауыл тұрғындарының бірі Сәрсенбайдың әйелі босанып, өмірге көптен күткен қыз дүниеге келді деген жақсы хабар тарайды. Дүниеге келген сәби осы романның бас кейіпкері – Жамал болатын. Кішкентайынан зерек, ауыл молдаларынан ескіше, жаңаша хат танып, түрлі хисса- дастандарды жатқа айтатын болған. Сөйтіп жүріп бойжеткен қыз айттырамын деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келеді. Сұлулық, тапқырлық, ақыл барлығы бір-біріне сай келіп, ауыл қыздарының алды болады. Оған қоса сөзге ұста өлең жазатын қасиеті болғаннан кейін ауыл арасында «Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар» деген сөз жайыла бастайды. Оны көрші ауылдағы Байжан деген ауқатты кісі естіп, Сәрсенбайды байлығына қызықтырып, өзінің нашар да, ұсқынсыз баласы Жұманға айттыруға көндіреді. Сәрсенбай бәйбішесінің қарсылығына қарамастан, Жамалды Жұманға қосуға келісімін береді. Бір күні Жамал тойға барғанда оқыған, мәдениетті, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітті байқап, көңілдері жарасады. Жамалдың бай баласына ұзатылар уақыты келген шағында, Ғалидың қолынан ұстап, үйден жыраққа қашып кетеді. Сәрсенбай бай кісімен сөз байласып қойғандықтан жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде Ғали ауыр дертке шалдығып, қайтыс болады. Жамал Жұманға ұзатылады. Қайғы жұтқан бойжеткен көрмеген қорлығын көреді. Ол қорлыққа төзбеген Жамал боранды күні үйінен қашып Ғалидың зиратына барып, жан ұшырып, тұла бойы қызып бара жатқан секілді болып, үстіндегі киімдерін әр жерге шешіп лақтырып, бар даусымен: «Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың?» деп, ақырғы сәті осы болып, елге әңгіме болған сұлу Жамал мақсатына жете алмай, жапан далада, рақымсыз боранды түнде жан тәсілім қылды...
Міржақып Дулатұлы осы романымен қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Сонымен қатар, жазушы әйелдердің арын, ескі әдеп-ғұрыптан жоғары қойып, қыздардың өзінше бостандықта, өз қалауларымен өмір сүру керек екенін алға тартады. Тұтастай алғанда, «Бақытсыз Жамал» тарихи әлеуметтік жағдайды шынайы көрсетуімен, әйелдердің орны қаншалықты маңызды екенін түсіндіруімен өзінен кейінгі шығармалардың жазылуына және қазақ прозасының өркендеуіне жол ашып, үлгі болды.
Ұлдана СЕРІКБАЕВА,
студент.
Ұқсас жаңалықтар
Көсемәлі Сәттібайұлының шығармашылығына негізделген әдеби байқау өтті
- 11 желтоқсан, 2024
Тек жапондық емес, жаһандық сипаттағы Мураками феномені
- 10 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді