- Advertisement -

Жаңғыруымызға жағдай жасайды

108

- Advertisement -

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылдың 30 қарашасында өзінің кезекті жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Осыған орай елімізде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғаны белгілі. Ұлт жоспарына айналған 100 қадамнан тұратын 5 халықтық реформа «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» стратегиясының құрамдас бөлігі және оның заңды жалғасы деп білеміз.

Бірінші реформада экономикалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын және мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру баса айтылса, екінші реформа – заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, үшінші реформа – экономиканы әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсімге арналған. Бұл бағытта атқарылатын шаралар ауқымды. Төртінші реформада болашағы бірыңғай ұлт қалыптастыру қарастырылған. Бесінші реформада транспарентті және есепті мемлекет құру көзделген. Бұл тұрғыда қазақстандық қоғамның өзгерістерге кезең-кезеңмен бейімделіп жатқандығын ерекше атап өткен жөн.
Жалпы Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында аудан бойынша көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды. Ең бастысы, жоғарыда аталған Жолдауға елдің қолдауы ерекше екендігі аңғарылып отыр. Жолдаудан туындайтын міндеттерді тұрғындарға түсіндіру, насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық топ құрылып, жұмыс істеуде. Оның құрамына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, діни, этномәдени бірлестіктердің, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау салаларының өкілдері енгізілді. Топ мүшелері аудан тұрғындарымен алдын ала бекітілген кестеге сәйкес кездесулер өткізіп келеді. Осы тұрғыда биылғы жылдың бес айы ішінде 47 түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шаралармен қамтылған ірі кәсіпорындар қатарында «Rola-7», «Әулие Ата – Феникс», «Жамбыл-құс», «Тау-дос» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Байжанова» шаруа қожалығы тағы басқалары бар.
«Бірлік – біздің басты тірегіміз» екені белгілі. Бұл орайда орыс, кәріс этномәдени орталықтарының жетекшілері Любовь Горр, Наталья Шин аудан көлемінде өткізілетін көпшілік мәдени іс-шараларына белсенді түрде атсалысуда. Бүгінгі күнге дейін осы орталықтармен бірлесе 4 «дөңгелек үстел» отырысын, 3 кездесу өткіздік.
Елбасының 5 институционалды реформасы – жаңаруға бастайтын нық қадам. Мемлекет басшысы маңызды құжатта орнықты экономиканы бағдар еткен индустрияландыру мен экономикалық өсуге басымдық беріп отыр. Біздің ауданымызда да бүгінде отандық өндірістің өркені өсіп, қанаты кеңге жайылуда. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Түймекент ауылындағы 300 оқушыға арналған мектеп ғимаратын биылғы жылдың тамыз айында пайдалануға беру көзделуде. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында «Жасұлан-Флора», «Тараз құбыр зауыты», «База-сервис» ЖШС-тары күшімен жалпы құны 2,3 миллиард теңгені құрайтын үш инвестициялық жоба іске асырылып, соның нәтижесінде 170 жаңа жұмыс орны ашылды. 2014 жылы аталмыш бағдарлама жоспарына енгізілген Мырзатай ауылдық округіндегі «Әулие Ата-Феникс» ЖШС-ның «Құс фабрикасы өндірісін қайта құру және жаңарту» инвестициялық жобасы іске асырылуда. Жобаның жалпы құны – 2,065 миллиард теңге. Фабрика жылына 2000 тонна құс етін өндіру әлеуетіне ие. Жоба бойынша 103 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «өндіріс инфрақұрылымын дамыту» тетігі бойынша (табиғи газ, электр, кәріз және су желісі) инфрақұрылым жүргізу үшін «Әулие Ата-Феникс» ЖШС-на беріліп, мемлекет тарапынан 584 миллион теңге бөлініп, оның құрылыс жұмыстарын «Тараз-құрылыс» ЖШС жүргізді.
Қорыта айтқанда, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауы еліміздің ертеңінің жарқын, болашағының баянды екеніне тағы да көзімізді жеткізе түсті. Осынау маңызды құжат еліміздің дамуының бағдаршамы іспеттес, әрбір қазақстандықтың өміріне оң ықпал етуімен де бағалы. Оны алға қойылған міндеттерді, ынтымағымызды ұйыта түсетін, ілгерілеуімізге серпін беретін, рухани жаңғыруға жағдай жасайтын басты бағдар, нұрлы жолымыз деп бағалауға тиіспіз.
Аудан тұрғындары Елбасының 5 реформа: «100 нақты қадам – Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жолында алдағы уақытта да аянбай еңбек етіп, оған нақты іспен жауап беретініне сеніміміз мол.

Сағындық КЕНЖЕБАЕВ, 
аудан әкімінің орынбасары.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support