- Advertisement -

Жаңа бастамалар қашанда қажет

97

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жастар саясаты туралы заңын жүзеге асыруда, жастардың ахуалын зерделеп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты және психологиялық, құқықтық, түрлі кеңестер беруде аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің атқарып отырған жұмыстары ауқымды. Орталықта жұмыс істейтін 40 қызметкер – аудан жастарының ұйытқысы, түрлі игі істердің бастамашысы.
Ауданда 20762 жас бар. Жалпы тұрғындардың 25,3 пайызын құрайды. Оның 5186-сы – студенттер, 4127-сі – мектеп жасындағы жеткіншектер. Аудан жастарының 1017-сі – «жасотандықтар», 6718-і жасұлан-жасқырандықтар қатарында.
Орталық жастарға әлеуметтік көмек көрсетеді, кәсіби және интеллектуалдық, шығармашылық әлеуетін пайдалануына, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдай жасайды, сондай-ақ жастар саясатына қатысты туындаған проблемаларды шешіп отырады.
Облыстық, республикалық айтыстың жеңімпазы Нұрлыбек Құрманов ауданымыздан ақындар мектебін ашып, жас ұрпаққа төл өнеріміз – айтыстың қыр-сырын үйретуде. Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкері Гүлнұр Ботаева жетекшілік ететін аудандық пікірсайыс-дискуссиялық аула клубы жұмыс жүргізуде. «Қызғалдақ» қыздар клубы ашылған.
Жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына сәйкес 2009-2015 жылдар аралығында ауданға барлығы 87 жас маман келіп орналасты. Олардың 31-і – дәрігер, 36-сы мұғалім, 6-сы – мәдениет қызметкері, 3-еуі – спорт маманы, 11-і – ветеринар. Әрбір жас маманға алғашқы көтермеақы төленіп, өтініштері бойынша барлығы несие алды.
Жастарға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі және халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек жәрмеңкелерін ұйымдастырып тұрады. 2015 жылы өткізілген еңбек жәрмеңкелері нәтижесінде ауданда жалпы 29 жасқа дейінгі 77 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда ауданда жастар арасында ресми жұмыссыздық көрсеткіші 0,3 пайызды құрайды.
«Жастар ресурстық орталығында» жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу, мемлекеттік бағдарламалармен хабардар ету, олардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, іс-шаралар ұйымдастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және ақпараттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп, 85 жасқа психологиялық кеңес, 150 жасқа құқықтық және мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес берілді. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 114 жас жұмыспен қамтылды.

Жасұлан ҮСЕНБАЕВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support