- Advertisement -

Қазақстан халқы бір жыл ішінде 257,1 мың адамға өсті — ҚР ҰЭМ

75

- Advertisement -

2016 ж. 1 сәуірде  еліміздегі халық саны 17733,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар — 10113,8 мың (57%), ауылдықтар — 7619,4 мың адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,47% өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 ж. қаңтар-наурызда туылғандар саны 99,4 (2015 жылғы қаңтар-наурызда — 92,1) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-ақпанға қарағанда 7,9% көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 31% (32%), 29% (29%) және 19% (18%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,47 (21,31) туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 34,4 (33,2) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-наурызға қарағанда 3,6% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,78 (7,70) қайтыс болғандарды құрады.
2016 ж. қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2015ж. қаңтар-наурызбен салыстырғанда 6,1 мың адамға немесе 10,4% көбейіп, 65,0 (58,9) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,69 (13,61) адамды құрады.
2016 жылғы қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейінгі 1033 (847) нәресте өлімі тіркелді. 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 22% көбейді. 2016 жылғы қаңтар-наурызда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 10,39 (9,23) құрады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі — перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2016 жылғы қаңтар-наурызда 551 (444) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 53,3% (52,4%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 217 (169) немесе 21% (20%), тыныс органдары ауруларынан — 91 (56) немесе 8,8% (6,6%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан — 39 (42) немесе 3,8% (5%)  нәресте қайтыс болды.
Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 26,7% кеміп, 3053 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 20,3% көбейіп, 5434 адамды құрады, көші-қонның айырымы -2381 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 75,2% және 87,7% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2015 ж. қаңтар-наурызбен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 16,6% азайып, 97660 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,5% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (8586 адам) қаласында және Ақмола (320 адам), Қостанай (318 адам), Маңғыстау (291 адам), Павлодар (280 адам), Атырау (83 адам) облыстарында қалыптасты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support