- Advertisement -

Бағы жанған Ұлан

91

- Advertisement -

Сарысулық спортшы әлем чемпионатында топ жарды

Польшаның Быдгощ қаласында өткен каратэ-додан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында сарысулық спортшы Бағлан Шубаев қарсыластарынан басым түсіп, топ жарды. Бұған дейін Ташкент қаласында ұйымдастырылған әлем кубогінде жасындай жарқыраған Б. Қашқынбаев атындағы орта мектептің оқушысы түрлі деңгейдегі додаларда да өз мықтылығын дәлелдей білген болатын.

Быдгощ қаласында алдымен чехиялық, польшалық, украиналық, өзбекстандық өрендердің мысын басқан ол ақтық сында түркиялық қарсыласынан айласын асырып, ел мерейін үстем етті.
– Ақтық сындағы айқас өте қиын болды. Қарсыласым мықты екен. Алайда, елдің сенімін арқалап барған соң барымды салдым. Бойымды кернеген намыстың арқасында түркиялық спортшыдан аз ғана ұпай басымдылығымен жеңісті жұлып алдым. Спортта түрлі қиын жағдайлар болады. Соның бәрінен сүрінбей өтіп, алдағы уақытта ересектер бәсекесіне араласып, сол сында да топ жарсам деп армандаймын, – дейді спортшы.
Халықаралық аламан­дарда қарсыластарынан мықтылығын айқындап, топтан озып жүрген жас тарланға біз де жеңіс тілейміз. Асқақ армандар талмай тер төккенде ғана орындалатынын Бағлан жақсы біледі.

Сәулембай Әбсадықұлы, 
«Ақ жол».

Сарысу ауданы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support