- Advertisement -

Арғымақпен доп қуған шабандоздар

132

- Advertisement -

«Әулиеата» шөген клубы республикалық турнирде күміс жүлдеге қол жеткізді

kXcfSrYx4JAТараз атшабарында шөгеннен (ат полосы) республикалық турнир өткізілді. Қазақстан шөген федерациясы мен облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырған аламан тартысқа толы болды. Додаға Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының шөген федерацияларына қарасты командаларымен қатар, жамбылдық «Әулиеата», астаналық «Astana polo klub» командалары қатысып, дода көркін қыздырды. Айтулы аламанға Қазақстан шөген федерациясынан мәртебелі меймандар келді.
Жарысты алматылық командаға қарсы бастаған «Әулиеата» спортшылары арғымақтың үстінде өздерін еркін сезініп, қарсыластарынан анағұрлым мықты екендіктерін дәлелдей білді. Қорытынды есеп – 8:1 «Әулиеата» командасының пайдасында. Бұдан соң Қарағанды облысынан келген команданы 10:1 есебімен ойсырата ұтқан оңтүстікқазақстандықтар жамбылдықтарға қарсылас атанды. Бұл ойында жерлестеріміз шеберліктері басым екенін тағы да айқындап, 4:1 есебімен басымдық танытты. Доданың соңғы күнінде «Astana polo klub» командасына қарсы алаңға шыққан әулиеаталықтар өте тартысты өткен кездесуде қарсыластарына 3:4 есебімен жол беріп, күміс жүлдені қанжығаға байлады. Ал жарыс жеңімпаздары болып «Astana polo klub» командасы танылса, үздік үштікті оңтүстікқазақстандықтар қорытындылады. Командаларға қаржылай сыйлықтар мен кубоктер тапсырылды.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support