Тұрлыханов турнирінде топ жарды

Тұрлыханов  турнирінде топ жарды
ашық дереккөз
Тұрлыханов турнирінде топ жарды
Алматы қаласында грек-рим күресінен 1999-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін XII республикалық турнир ұйымдастырылды. Еліміздің әр қиырынан кіл мықты балуандар сынға түскен додаға жамбылдық өрендер де қатысты. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан аламанда Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Мейірбек Қордабай қарсыластарынан басым түсіп, топ жарды. Турнир барысында өзінің мықтылығын дәлелдей білген сарысулық оғланның бапкері Мақсат Әмірбеков шәкіртінің талай сында жүлдеге қол жеткізгенін, алдағы уақытта ересектер арасындағы бәсекелерде де жұлдызы жарқырай жанатынына сенімді екенін байқатты. Жас балуанның биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Бәлкім, Сарысу жерінде Жақсылық Үшкемпіровтің ізбасары өсіп келе жатқан болар...

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар