- Advertisement -

Қазақстан азаматтарының 40,21 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді — ҚР ОСК

72

- Advertisement -

Қазақстан азаматтарының 40,21 пайызы дауыс берді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.

«Облыстардың,  Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 12-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 40,21 пайызы сайлау бюлетендерін алды», — деді ол.

М.Сәрсембаевтың деректеріне сәйкес, оның ішінде Алматы облысы бойынша — 57,67, Ақмола облысы бойынша — 48,45, Ақтөбе облысы бойынша — 34,3, Атырау облысы бойынша — 45,2, Батыс Қазақстан облысы бойынша — 38,67, Жамбыл облысы бойынша — 47,41, Қарағанды  облысы бойынша — 41,57, Қостанай облысы бойынша — 54,31, Қызылорда облысы бойынша — 43,28, Маңғыстау облысы бойынша — 31,41, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша — 33,02, Павлодар облысы бойынша — 40,47, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 48,1,  Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 45,83, Астана қаласы бойынша — 32,33, ал Алматы қаласы бойынша 15,45 пайызы дауыс берген.

«Дауыс беру барлығы 9840  сайлау учаскесінде жүргізілуде», — деді ҚР ОСК мүшесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support