- Advertisement -

Ғалымдар: Жөтелге қарсы препараттар баланың денсаулығына зиян

62

- Advertisement -

Канада ғалымдары жөтелге қарсы заманауи дәрілік препараттардың балалар денсалығына зиян екенін айтып, олардың кейбіреулеріне тіпті тыйым салды.

Мамандар жүргізген көлемді зерттеу барысында ата-аналардың ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) белгілеріне қарсы дәрі-дәрмектерді көбінесе ойланбай, баланың жасын, сонымен қатар оның ағзасының ерекшеліктерін ескермей сатып алатыны анықталды.

Дәрігерлер балаларға тіпті ересек адамдарға қолдануға тыйым салынған препараттар жазып беретіні белгілі болды. Мәселе кей кезде брендтік дәрі-дәрмектердің пайдасынан гөрі, жағымсыз әсерінің көп болуында.

Дәрігерлер баланы жан-жақты тексерместен, препараттарды «шаблонмен» жазып береді. Сондай-ақ ата-аналардың өз балаларына дәрілерді дәрігерлермен кеңеспей, жарнама немесе таныстарының кеңестеріне сүйеніп сатып алатын жағдайлар да жиі кездесіп отырады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support