- Advertisement -

Біртектілікті нығайту біліктілікке бастайды

96

- Advertisement -

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлт жоспары – қазақстандық армандарға бастайтын жол» атты мақаласында Қазақстан жолы – бірлік және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы екенін атап көрсетті. Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында да біртектілік пен бірлік мәселесіне ерекше тоқталған. Бірлік – берекелі істердің бастауы. Қазақстандықтар табыстың кілті татулық екенін жақсы біледі. Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайта отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын барынша жақсарта түсу арқылы мемлекетіміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылатынына сенеді.
130-дан астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан халқы тату. Кезінде тағдыр талайымен Қазақстанға қоныс тепкен өзге ұлттарға қазақтар аса бауырмашылдық ниетпен қарап, туысқандық пиғыл танытқаны тарихтан аян. Соның арқасында санаулы ғана ұлттар бүгінде өсіп-өркендеп, қанат жайды. Қазақ халқының бұл жақсылығын өзге этнос өкілдері қалай ұмытсын?!
Мемлекет басшысының: «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым», – деген сөзі түсіне білген адамға үлкен ой салса керек-ті. Негізінен, Мәңгілік Ел ұғымы – ауқымы өте кең әрі теңдесіз құндылықтар. Ол Қазақстанның тәуелсіздігі мен өзге мемлекеттермен қарым-қатынасын айшықтайды. Бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам және тарих, мәдениет, тіл, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі секілді құндылықтарды бір арнаға тоғыстырады.
Біздің мемлекеттен басқа өзге елдерде ұлтаралық қақтығыстар мен түрлі дау-жанжалдар жиі орын алады. Оның себебі – татулық пен бірліктің сақталмауы. Елдің бірлігі бекем, ауызбіршілігі мығым болатын болса, мемлекет дамиды. Сол үшін армандаған мақсат-мүдделерге қол жеткізуді ойласақ, ішкі бірлігіміз бен татулығымызды сақтап қалуымыз қажет. Әлем қазір ерекше жылдамдықпен даму үстінде. Біз өркениет көшіне ілесіп қана қоймай, жол бастаушы озық мемлекеттердің бірі болуымыз керек. Ол үшін қазақстандықтар тек құрғақ армандармен ғана күн кешпей, Ұлт Көшбасшысы ұсынған даму Стратегиясын, Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бір кісідей ат салысып, азаматтық біртектілікті нығайтуға тиіс.

Руслан Исмазов,
облыстық «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының қауымдастықтары» қоғамдық бірлестігінің президенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support