Қолдауды қажет ететін әлеуметтік ресурс

Қолдауды қажет ететін  әлеуметтік ресурс
ашық дереккөз
Қолдауды қажет ететін әлеуметтік ресурс

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні облысымызда 14 пен 29 жас аралығында 277 674 жас бар. Яғни, жастар жалпы өңір тұрғындарының 25,3 пайызын құрап отыр деген сөз.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, жыл сайынғы Жолдауларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы мен «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бағдар ретінде ұстана отырып, әлеуметтік мәселелерді атқарушы органдардың назарына ұсынып, түйткілдердің шешімін табады. Сонымен қатар, басқарма және басқарма жанындағы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес және жоспардан тыс жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға, жас азаматтарды жұмыспен қамтуға, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге, ауыл жастарының кәсіпкерлігіне, басқа да бастамаларына қолдау көрсетеді. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға, жастардың шығармашылықтары мен белсенділіктерін арттырып, шыңдау үшін көптеген шаралар ұйымдастырады. Былтыр басқарманың «Ардагерлерді ардақтайық!», «100 мейірімді іс!», «Жатақхана тынысы!», «Қалың қалай оқушы?», «Студенттер тынысы!», «Жастар – ауылға!» жобаларының шеңберінде және мүдделі мекемелермен бекітілген салааралық жоспарларды іске асыру мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізілді. Жастар арасындағы басты мәселелердің бірі – жұмысқа орналасу екені белгілі. Осыны ескеріп, басқарма тарапынан жастарды уақытша жұмысқа тарту, бос уақыттарын тиімді өткізуіне түрткі болу мақсатында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жұмысын әрі қарай жандандыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2 миллион теңге, ал Тараз қаласы мен аудандарда еңбек жасағындағы 400 жасты уақытша 2 айлық жұмыспен қамтуға 18 миллион 812 мың теңге жергілікті бюджет есебінен қарастырылды. Республикалық бюджет есебінен 962 жас жұмысқа тартылды. Өткен жылы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталды. Ендігі кезекте «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының 2016-2020 жылдарға арналған ІІ кезеңін жүзеге асыруға кіріспекпіз.

Еркебұлан ҚҰРАЛБАЕВ, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар