- Advertisement -

Премьер-лига күнтізбесі белгілі болды

76

- Advertisement -

«Тараз» футбол клубы алғашқы ойында «Қайратты» қабылдайды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы кезекті маусымының күнтізбесі бекітілді. Күнтізбеге сәйкес жерлестеріміз Тараз төрінде алғашқы ойынды өткен жылғы біріншіліктің күміс жүлдегері алматылық «Қайратқа» қарсы 12 наурызда өткізсе, екінші кездесуде сырт алаңда өткен маусымда қола жүлдеге қол жеткізген «Ақтөбе» футбол клубына қарсы жасыл алаңға шығады. Үшінші турда Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдаса, төртінші ойында ел чемпиондары қой жылында толайым табыстарға қол жеткізіп, Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған «Астана» футбол клубына қонаққа барады.
Бүгінгі таңда премьер-лига командалары оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жаңа футболшылармен толығып жатыр. Бейресми дерек көздері алматылық «Қайрат» футбол клубы жаңа футболшы алуы мүмкін деседі. Тіпті, ресейлік даңқты футболшы Андрей Аршавин «Қайраттың» жейдесін киюі ықтимал деген ақпарат тарап та үлгерді. Ал «Қайраттың» баспасөз қызметі әзірге алматылық ұжымның кімдермен толығатынын құпия ұстап отыр. Бір сөзбен айтқанда, «Тараз» үшін біріншілік қиын матчтармен басталғалы тұр. Былтыр «Қайраттан» да, «Астанадан» да Тараз төрінде басым түскен жерлестеріміз биыл да сол нәтижені қайталаса дейміз.

Арайлым Рахметова,
М. Х. Дулати атындағы
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support