- Advertisement -

Жамбылдық таэквондошылар қарсылас шыдатқан жоқ

98

- Advertisement -

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық таэквондо федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты еске алуға арналған таэквондодан дәстүрлі турнир өткізілді.
Алматы, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы және өз жерлестеріміз бақ сынаған турнир тартысқа толы болды. Бірқатар салмақ бойынша қарсылас шыдатпаған жамбылдық таэквондошылар өздерінің шын мықты екендіктерін кезекті мәрте дәлелдей білді. Қарсыластарына соққыларын дөп тигізіп, қажет кезінде тамаша қорғана білген жерлестерімізге қонақтар ешқандай қайрат көрсете алмады. 210 спортшы шеберлік байқасқан бәсі басым додада жамбылдық таэквондошылардың мерейі үстем болып, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Жамбыл жерінде өткен спорт аламанында өзге де өңірлердің өрендері тартысты жекпе-жектерді тарту етті. Нәтижесінде, жерлестерімізден кейінгі жүлделі екінші орын Маңғыстау облысының сайыпқырандарына бұйырса, Оңтүстік Қазақстан облысының таэквондошылары үздік үштікті түйіндеді. Еліміздің әр қиырынан келген «сен тұр, мен атайын» спортшылар таэквондо десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлерге керемет көңіл күй, тамаша жекпе-жектер сыйлады. Бір сөзбен түйіп айтқанда, Тараз төрінде өткен дода жоғары деңгейде ұйымдастырылғанымен есте қалды.

Айнұр Смағұлова,
М. Х. Дулати атындағы
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support