- Advertisement -

«Сен сыйға тартқан орамал…»

138

- Advertisement -

Немесе орамал – сақал үкімінен де жоғары

«Адамнан жасырғанды, Алладан жасыра алмайсың». Қазақ – өте ақкөңіл,  Қонақжай халық. елімізге жер аударылып келген өзге ұлт өкілдеріне аузындағысын жырып та берді. Ал тәуелсіздігімізді алған тұста өзгеге еліктегіш қасиетіміз ерекше бой көрсетті. Қазақты қазақ ететін салт-дәстүрімізді де ұмыта бастадық.

Бір отбасын бірнеше сектаға бөліп, жат сенімге тәрбиелеп жатқан басқа дін өкілдеріне сыпайы түрде «тәйт» деуіміз керек. Ал имандылық әдеппен орамал тартқан қыздарды қолдаған дұрыс. Оқу орнына не жұмысқа орамал тартып бара қалған бойжеткенді көзге шыққан сүйелдей көріп, «Не, күйеуге шықтың ба?», «Әлде намаз оқисың ба?» деген сұрақтардың астына алатындардың бары өтірік емес.
Сонда орамалды тұрмыс құрғанда немесе тек намаз оқыған кезде ғана тағуы керек пе? «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық» деп ата-бабамыз бұрыннан айтқан. Жеңгелеріміз ақ орамал тартса, қыздар қызыл орамал тартқан. Ақ орамал ақ ниеттің, адалдықтың белгісі болса, қызыл орамал пәктіктің белгісі болып саналған. Ақ жаулық, орамал – қазақ үшін киелі ұғым. Ақ жаулық – аналарымыздың ажары, кестелі орамал – қыз-келіншектеріміздің көркі. Кіндігі мен қарнын жарқыратып, жабыстыра шалбар киген қыздарымыз, ұятты жерін жауып, иманын ұмытпай, басына қызыл орамал тартқан қыздарымыздан артық болғаны ма?
Бұрындары орамалды қыздарымызға дейін тартса, қазір қыз түгілі, келіндердің басынан да көрмейміз. Сәнімді бұзады, шашымның «модасын» құртады деп жоламайтын да болды. Жаулық тартқан келіншекті көрсе, «Келін боп түскеніңе бір жыл болды ғой, әлі орамал тартасың ба?» деп мысқылдай қарайтындар да бар. Бұл ұлттық сананың кемшіндігінен бе, қалай? Орамал әдептің үлкені, оның үстіне шашты жинақы ұстап, ас әзірлегенде оған қыл-қыбырдың түсуінен сақтайды. «Орамал – сақал үкімінен де жоғары» дейді Құран Кәрімде.
Қыз бұзылса – ұлт бұзылады. Қыз бала – ертеңгі ана, өмірдің бастауы, ұлттың болашағы, оның жалғастырушысы. Сән мен ән қуып жүріп абыройдан айырылып, ұлт болудан қалмайық, ағайын!

Фариза АЙТБЕК,
М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ-дың 4-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support