- Advertisement -

Таңбалы тас жойылып барады

88

- Advertisement -

«Ақ жол» газетінің өткен жылғы ақпан айындағы санының бірінде «Қарасайдағы таңбалы тастар» деген тақырыппен мақала жарияланған болатын. Онда Тараз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 6-7 шақырым жерде орналасқан Ақбұлым ауылы маңындағы Қарасай шатқалындағы таңбалы тастар шоғырының қараусыз жатқандығы туралы жазылған болатын.
Қарасай шатқалындағы жарқабақ тастарда бейнеленген суреттер қола дәуірінен қалған. Шамамен төрт мың жыл бұрынғы бейнелер 1100 метр ұзындықты бойлай салынған. Барлық бейнелер тастардың күншығыс жақ бетіне бедерленген. Өйткені күнге қарап тұрған суреттердің жақсы сақталып әрі көруге ыңғайлы болатынын ата-бабаларымыз білген. Үшкір таспен шеку арқылы салынған суреттердің ішінен аңшылықпен айналысқан, садақ атып тұрған адамдардың, бұғылар мен арқарлардың, өзге де жабайы аң-құстардың бейнелерін көптеп кездестіруге болады.
Бірақ бүгінде аз зерттелген, қорғауға алынуы тиіс тарихи өлке әлі де қараусыз жатыр. Петроглифтер салынған тастарды жергілікті тұрғындар бұзып әкетіп, қажеттеріне жаратуда.
Өлкетанушы Әмір Мырзаевтың пікірінше, бұл аймақта біз білмейтін жұмбақ жәдігерлер әлі де баршылық. Егер аталмыш аумақты тиісті құзырлы орындар тарапынан қорғауға алып, келер ұрпаққа сақтаудың жолын қарастырмасақ, аса құнды жәдігерлер адамдардың әрекетінен, табиғат құбылыстарынан жойылып кетуі мүмкін. Ал егер шатқалды туристік мекен етіп қойсақ, облыс бюджетіне қомақты қаржы түсіруге болады деп есептейді өлкетанушы.

Әсем ӘБДІМӘУЛЕНОВА,
мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Жас тілші» үйірмесінің мүшесі, №12 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушысы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support