- Advertisement -

Қарияға… қылымсып қыз асылар

191

- Advertisement -

«Гүл өссе – жердің көркі, Қыз – өссе елдің көркі» демекші, қазақ арулары хақында сөз қозғала қалса, қос етек көйлек киіп, қолаң шашын беліне дейін өсіретін, мойылдай қара көздерімен ер адамға тік қарай алмайтын талдырмаш денелі сұлулар көз алдымызға елестейтін еді.
Ал қазір ше? Бүгінгі бойжеткендер жоғарыда аталған талаптарды былай қойып, ұятты жиып тастап, қалтасы қалың, жасы егде тартқан кісілерге қылымситынды шығарды. Оны біз әлеуметтік желі әлемінен де, түрлі мейрамханалардан да көріп жүрміз. Қылымсу былай тұрсын, әкесімен жасты адамның мойнына назданып тұрып асылғанда ұяттан кірерге жер таппай қаласың. Заман өзгермейді, өзгеретін адам ғой. Шынашақтайынан адамдық құндылықты, ар мен ұятты жиыстырып қойып, материалдық жағдайын ойлағансып, әкесімен қатар адаммен көңіл жарастырып жүрген жастарды көргенде жанарға жас үйіріле жаздайды.
Бұл не масқара? Осындай күйге түсетіндей не күн туды басына?! Бұл жерде қызды да, бай-бағланды да ақтай алмаймыз-ау. «Тәрбие – тал бесіктен» дейді ғой. Ұшқан ұясынан қыз бала өзіне лайықты тәрбие алса, мұндай келеңсіз құбылыс болмас еді. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?! Осындайда «Кемпірге – жас жігіт, шалға – қыз» деп әзілдеп жүргендердің әзілі еске түсе береді екен.

Айнұр СМАҒҰЛОВА,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 4-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support