- Advertisement -

Елбасы еске салған мамандық

99

- Advertisement -

ТарМУ студенттері Түркияның туристік фирмаларында тағылымдамадан өтуде

Оразкүл Досымова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Туризм және сервис»
кафедрасының аға оқытушысы.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туризмнің дамуы экономикалық міндеттерді шешуде табиғи және тарихи-мәдени туристік ресурстарды игеру ғана емес, ол қоғамның қаржылық жағдайын сауықтыруда ырғақ беретін және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін мүмкіндіктердің негізгі әлеуеттерінің бірі екендігін үнемі айтып келеді.
Қазіргі кезде облысымызда 29 туристік ұйым тіркелгенімен, оның 15-і ғана жұмыс істейді. Қалған 14-і осы жылы өз жұмыстарын қайта жаңғыртуға жоспарларын құрып, материалдық-техникалық базаларын күшейтуде.
Осыған орай қазіргі таңда облыста 15 туристік фирма туроператорлық және турагенттік қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия алған. Бұл фирмалардың барлығы Тараз қаласында орналасқан, кеңселері бар, штаттары толық. Туристік компаниялар көлемді спекторлық қызмет көрсетеді. Алыс және жақын шетелдерден туристерді қабылдайды және оларды орналастырады. Қазақстан пансионаттарында демалдырады және емдейді. Кең байтақ еліміздегі тарихи орындарға саяхат жасайды. Туристік ұйымдармен облыс аумағы бойынша бірнеше тамаша бағыттар өңделді. Бұлар «Ежелгі Тараздан жаңа заманға», «Қарлы шыңдардан құмды төбешіктерге», «Көксай» шатқалдары деп аталады.
Жамбыл өңірінде туристерді қызықтыратын кербез орман, сарқырап аққан өзен, шалқар көл, асқар тау, құзар шың, шексіз дала және басқа да көрікті жерлеріміз бар. Осының бәрі өңірімізде туризмді дамытуға сұранып тұрғандай десе де болады.
Алда Астанада өтетін «Экспо – 2017» халықаралық көрмесі күтіп тұр. Қазақстан үшін үлкен сынақ осы көрмені лайықты өткізу – баршамыздың міндетіміз. Ендеше, осы бастан әзірлікті күшейтіп, білгір мамандарды дайындаумыз керек.
Туризмді дамытуға кедергі жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы нысандарында білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сонымен қатар, туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты.
Ал туристерді жұмылдыру қызметімен жоғары мамандандырылған кадрлар шұғылданғаны жөн. Сондықтан М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Экономика және бизнес» факультетінде 2008 жылы жаңа мамандық – «Туризм» және 2010 жылы «Әлеуметтік-мәдени сервис» ашылған болатын. Қазіргі уақытта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығында 19 білімгер, ал «Туризм» мамандығы бойынша 57 білімгер дәріс алып жатыр. Кадрларды даярлаумен кафедраның құрамындағы жоғары дәрежелі 10 оқытушы мамандарды дайындаумен айналысуда. Біздің жоғары оқу орнымыз отандық және шетелдік білім беру орталықтарымен тығыз байланыста. Шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО-да біздің профессор-оқытушылар құрамы біліктілігін жоғарылатуда. Түркия әлемдік туристік орталықтардың бірі болып табылатыны баршаға аян. Сондықтан М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Туризм» мен «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығының студенттері Түркия мен Германияның турфирмаларында, танымал шипажайларында шетелдік тәжірибеден өтуді нығайтуды жүзеге асыруда.
Қорыта айтқанда, Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталатын бағдарламалық мақаласындағы туризмді дамыту бойынша іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті өзінің үлесін қосатын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support