- Advertisement -

Таласым

91

- Advertisement -

Сылаң қағып ерекше еркелеген. 

Майда толқын тербеткен ертеменен.
Мәуелі жасыл құрақ бой түзеген,
Әлі де сазды әуенін шерте ме екен.

Қос арнасы Таласты бағындырған.
Жар қабағың көрінер сағым қырдан.
Бәрін айтып жеткізу мүмкін емес,
Қайда жүрсем еріксіз сағындырған.

Жыңғыл-жусан сыбдыры жарасымды.
Бұл сұлулық керемет дара сынды.
Туған жердің тамаша табиғаты,
Мақтан қылып айтамын Таласымды.

Алтай
Сағындықов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support