Бүлдіршіндер
Бүлдіршіндер қызғалдақтай жайқалған.
Еркін ойды қысылмастан айта алған.
Бала сәби көңіліне не жетсін,
Жүздерінен қуанышы байқалған.
Сезімдері көл-дария төгілген.
Айтар сөзі ақтарылған көңілден.
Балауса гүл, талдырмаштай нәзіктік,
Тұла бойға білімдерің өрілген.
Бір-біріне сенімменен қарайтын.
Сабақ соңы у-шуласып тарайтын.
Әрбір үйдің еркелерін анасы,
Бақытынан шаттығына балайтын.
Алтай
Сағындықов.
Comments are closed.